Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтышулы Ануарбек «Мотиватор» Бекембетов (1-1) пен қырғызстандық Марсель Нурланбек (12-0) 26 сәуірде Naiza 59 турнирі аясында «Алматы Аренада» өтетін кездесу алдында жұрттың назарын тағы өздеріне аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыға келген Марсель instagram арқылы «Мотиваторға» тіл тигізді:
«Әй, Ануарбек, аташка, қайдасың? Қайда жүрсің? Аузың көпіріп сөйлеп жүр едің. Ин ша Аллах, МАА-дің не екенін саған 26 сәуірде көрсетемін. Сондықтан көп сөзді қой. Өзі маған «Қайдасың?» деп жазады. Іздеудің қажеті жоқ. Нақтысын айт. Не қалайсың? Кез келген уақытта дайынмын, егер қорықпасаң, қонақүйге қазір кел».
Ал «Мотиватор» қарсыласы тұрақтаған қонақүйге барған.
«Ол мені келмейді деп ойлады. Мен келдім де өз жұмысымды атқардым. Келесі жолы телефонмен бұлай сөйлемейтін бол, боқмұрын!» деді қазақ спортшысы.
Осыдан соң Naiza президенті Нұрбек Қарабала мәлімдеме жасап, бұл екі спортшыға да соңғы ескерту екенін айтты.
38 жастағы «Мотиватор» Hardcore және Nomad турнирлеріне қатысып танымал болды. Ал 2022 жылы ММА-де алғашқы айқасын өткізіп, жеңіліс тапқанымен, былтыр мамырда жеңіске жетті.
26 жастағы Марсель қазақстандық OCTAGON-да үш кездесу өткізген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары