23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театрында тұңғыш рет қазақ спорт тарихында өшпес із қалдырған ұлт мақтанышы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановқа арналған «Чемпион» қойылымы сахналанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықты ту ететін қойылым премьерасына Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова, Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Арман Халбеков, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан спорт шебері – Еділов Тұрсынғали, қойылым авторы, драматург – Байбол Әлібек қатысты. Олар қойылым туралы ой-толғамдары және пікірлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін арнады.
Қойылымда Бекзаттың дүниеге келуінен бастап, оның чемпион атанған сәтке дейінгі ғұмыры баяндалады.
Тұңғыш рет сахналанған қойылымның мақсаты – болмысы бөлек бокс шебері, ұлт мақтанышы, аз ғана ғұмырында 143 жекпе-жек өткізген біртуар боксшының асқақ рухын қуыршақ образында көрсету.
Оқи отырыңыз:
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік