Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы әкімдігі «Сайран» автовокзалының меншік иесімен оны коммуналдық меншікке қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналистің автовокзал аумағын ауқымды қайта құру және абаттандыру жоспарлары туралы сұрағына қала басшысы «Сайран» 2000 жылдардың ортасында жеке меншікке берілгенін еске салды. 2018-2019 жылдары меншік иесі ғимаратты базалық жаңғыртуды жүргізді.
Біз үшін автовокзал үлкен ішкі көлік хабы ретінде өте маңызды. Алматының Бас даму жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес автовокзал қоғамдық - іскерлік аймақта, атап айтқанда, көліктік қызмет көрсету объектілері аймағында орналасқан, сондықтан ол жолаушылардың ауысып отыруларына өте ыңғайлы, - деді Ерболат Досаев.
Өз сөзінде қала әкімі автовокзал иелерімен одан әрі реконструкция жүргізу және бірыңғай кешен құру үшін оны коммуналдық меншікке қайтару бойынша келіссөздер басталғанын атап өтті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары