29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТЖМ қызметкерлері оттың қонақ үйде таралуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Алматы қаласы Медеу ауданы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін, түтіннің үш қабатты қонақ үйдің жертөлесінде шыққанын анықтады. Қонақ үй қызметкерлері келушілерді үй-жайдан шығарып үлгерді. Өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізіліп, өрт сөндіру оқпандары енгізілді. Қабылданған шаралармен 8 шаршы метр бу бөлмесіндегі өртті құтқарушылар келген сәттен бастап 16 минут ішінде оқшауландырып, содан кейін толық сөндірді, - делінген мәліметте.
Өрт орнында келушілерге жылыту пункті ұйымдастырылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек