Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматы тауларында құтқарушылар «Пионер» шыңынан шетелдік турист әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Пионер» шыңынан түсу кезінде туристік топ мүшелерінің бірі аяғынан жарақат алып, өз бетінше қозғала алмады. Топ жетекшісі оқиға туралы хабар бергеннен кейін оқиға орнына «Тұйық-Су» бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылар экипажы жіберілді.
Зардап шеккен әйелдің жағдайы тұрақты болғанымен, оң аяғында қатты ауырсыну сезімі бар екенін айтты. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тау бөктеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырды.
Зардап шеккен әйел 1990 жылы туған Израиль азаматы болып шықты. Медицина қызметкерлері оған өкше сүйегінің жабық сынығы диагнозын қойып, қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары