Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматыда «Оңтүстік» саябағының жер телімін мемлекеттік қажеттілік үшін қайтарып алу рәсімі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесулерінің бірінде қала тұрғындарымен аталған жер учаскесін мемлекеттік меншікке алу және саябаққа абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы бастама көтерілген болатын.
2022 жылғы 5 қазанда Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің жер учаскесін мемлекет қажеттілігіне қайтару жөніндегі талабы қанағаттандырылды, өтемақы сомасы 2 338 817 000 теңге мөлшерінде айқындалды (сарапшылардың 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 5386 қорытындысына сәйкес). 2022 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. 2023 жылғы 13 қаңтарда өтемақы сомасы «Jusan Property» ЖШС-не аударылды.
Қазіргі кезде Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы «Оңтүстік» саябағын абаттандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті құжаттарды дайындауда.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер