8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Алматыда Наурыз мерекесі батырлар шеруінен, эпостар, аңыздар мен ертегі батырларынан басталды. Оған Қазмемцирк әртістері, театр актерлері, би ұжымдары және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Негізгі мерекелік концерт "Астана" алаңында басталып, 22.00-ге дейін жалғасады. "Наурыз думан" театрландырылған музыкалық қойылымы Қазақстанның отбасылық және халықтық дәстүрлері туралы баяндап, көрермендер Наурыз мерекесіне арнап құрылған ауылды аралады.
Концертті қазақстандық эстрада жұлдыздары, ТМД елдерінің әртістері, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен түрлі би ұжымдары жалғастырды.
Панфилов пен Жібек Жолы көшелеріндегі "Наурыз Fest" фестивалі 23 наурызға дейін өтеді. Сіздерді халықтық караоке, би флешмобы, байқаулар, жанды музыка және сыйлықтар ұтыс ойындары күтеді.
22 наурыз күні сағат 17:00-де "Астана" алаңында жас әншілердің қатысуымен Zhuldyzdy Almaty концерті өтеді.
Мерекелік іс-шаралар бір уақытта қаланың алты ауданында өтеді. Алатау және Наурызбай аудандарында мереке 22 наурызда өтеді.
Дәстүр бойынша қала тұрғындары мен қонақтарына наурыз көже және бауырсақ таратылды.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін