6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы спорт нысандарын басқару дирекциясы «Медеу» мұз айдыны мен оның инженерлік желілерін зерттеп, жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеу үшін тексеру жүргізді. Сараптама мұз айдынының жаппай сырғанау үшін қауіпсіз екенін растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңғырту аясында серуендеу аллеясы мен баспалдақтар салынады, Есентай өзені бойындағы оңтүстік еңіс көркейтіледі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жедел сатылар орнатылады.
Тоңазытқыш жабдықтары, суыту және жылыту жүйелері, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру мақсатында инженерлік жүйелер жаңартылады.
Бұған қоса, «Медеу» қонақ үйін реконструкциялау жоспарланған.
Бұл жұмыс барысында мұз айдынының тарихи келбетін сақтауға баса мән беріледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі