Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕнді Алматыдағы бас ботаникалық бақтың Бейбітшілік аллеясымен серуендей жүріп, климат, экология және болашақ тақырыптарына арналған ерекше арт-нысандарды көруге болады. Себебі онда Ancient Futures көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ancient Futures — бұл өнер, ғылым және технологияны біріктіретін халықаралық жоба, климаттың өзгеруіне назар аудартуды мақсат етеді.
AraGrow — мицелийден жасалған және араларға арналған үй ретінде ойластырылған арт-нысан. Ол қаланы жанды экожүйе ретінде қайта түсіндіреді, дәстүрлі білім мен биодизайннан шабыт алады. Авторлары: Дана Молжігіт, Әсел Есжанова және Хана Цвелбар.
Көміртектің тынысы — көмірдің тарихы мен отынды жағу кезінде босап шығатын «ежелгі өсімдіктер тынысы» туралы иммерсивті қондырғы. Авторы: испан суретшісі Мигель Сбастида.
Әкімдік ақпаратына сүйенсек, арт-нысандар Тимирязев көшесі жағындағы орталық кіреберістің батысында орналасқан. Көрме бір айға созылады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар