Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыдағы ботаникалық баққа аққулар оралды. Бұл қуанышты жаңалық ботаникалық бақтың желі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Парақшада су бетінде қалқып жүзген аққулардың видеосы жүктелген.
Жазбада ботаникалық бақ ұжымы келушілерден аққулар мен балықтарға қамқорлық жасауларын сұраған. Алайда оларды тамақтандыруға тыйым салынатынын атап өткен.
Ботаникалық бақтағы балықтар мен аққуларды күтіп-бағуға және азықтандыруға осы мақсатқа арнайы алынған кәсіпқойлар компаниясы жауапты. Күнделікті қажеттілікпен қатаң рацион есептелді. Оларға қажетті заттардың барлығын мамандар дер кезінде және қажетті мөлшерде береді. Бақыланбайтын мөлшердегі зиянды тағам аққулар мен балықтардың денсаулығына байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін,-делінген хабарламада.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар