22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу полигонында түрлі мамандықтағы екі жүз курсантқа арналған «Сардар» командирлік даярлық курсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, бағыныстылар үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және ұрыс қимылдарына жақын жағдайларда жедел шешімдер қабылдау дағдыларын пысықтауға бағытталған.
«Сардар» курсының негізгі мақсаты – білімді бекіту, жалпы әскери ұрысты жүргізудің жаңа тәсілдерімен таныстыру және бөлімшені тиімді басқаруды үйрету, - деп атап өтті Құрлық әскерлері әскери институты бастығының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Нұрлан Айтжанов.
Курс тактикалық, атыс, инженерлік және дене шынықтыру сабақтарын қарастырады. Төртінші курс курсанттары жергілікті жерлерде практикалық тапсырмаларды, оның ішінде түнгі марштар, барлау операциялары және бөлім құрамындағы іс-әрекеттер бар.
Оқытушылардың тәжірибесі, олардың білімі мен кеңестері бізге кәсіби дағдыларды жетілдіруге және командирлік қызметке дайындалуға көмектеседі, - деді курсант Ерназар Елесов.
Оқыту барысында моральдық-психологиялық тұрақтылықты дамытуға және жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде командирлік дағдыларды жетілдіруге ерекше назар аударылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев