12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБиыл қыркүйек айында Алматыдағы автотұрақ бағасы көтеріледі. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл автотұрақ орындарын анықтаймыз, аумаққа байланысты тұрақ ақысын көтереміз. Бұл жұмыстарды 1 шілдеге дейін істеп үлгермейміз, бірақ қыркүйектің басында дайын болуы керек, - деді Ерболат Досаев.
Ерболат Досаев бағаның қалай белгіленетінін түсіндірді. көлік тұрағы үшін төлем орналасқан ауданына байланысты әр түрлі болмақ.
Көлік тұрағы үшін төленетін ақша мөлшері орналасқан ауданға байланысты әр түрлі болады. Мәселен, Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шыға берісте бір тариф болады делік, ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтердің бағасы көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады. Автотұрақ, айыппұл мен өсімпұлдан түскен ақшаның бәрі пропорционалды түрде аудандардағы «Халық қатысатын бюджет» жобасына қосымша аударылады, - деп түсіндірді қала әкімі.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер