10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша "5:32" сериалының продюсері 28 жастағы Әнел Сартаеваға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдіргендіктен, айыпталушыға қатысты негізгі сот отырысы қысқартылған тәртіпте өтті. Сонымен қатар соталды тергеп-тексеру сатысында да оның туыстары апаттан зардап шеккеннің барлығына келтірілген шығынды өтеп берді.
Сотталушы С. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігіне сүйене отырып, үкімді орындау бала 3 жас 9 айға толғанға дейін 3 жылға кейінге шегеріледі, -деді судья Қайрат Иманқұлов.
Зардап шеккен тарап Әнел Сартаеваны кешіргені ескерілді. Марқұмның отбасы тіпті өтемақы алудан бас тартты, ал қалған жәбірленушілер сотталушының отбасынан өтемақы алып, басқа ешқандай талап қоймады. Жол-көлік оқиғасының абайсыздықтан болғаны және қасақана жасалған әрекет емес екені де ескерілді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді