6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы қаласындағы "Алатау" сауда және ойын-сауық орталығының жанында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына жақын маңда қою қара түтін аспанға көтерілген сәтті куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде таратты.
Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданындағы қоймалардың бірі өртенген.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, сағат 14:48-де өрт туралы хабарлама келіп түскен бойда, оқиға орнына жоғары дәрежелі шақырту бойынша өрт сөндірушілер жіберілген.
Өрт сөндіру штабы құрылып, бірнеше учаскеде жалынды ауыздықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі