Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастауға рұқсат берді,- деп хабарлайды akorda.kz.
Мемлекет басшысының Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары оңтүстік астана әуежайының жаңа халықаралық терминалы құрылысының капсуласын салу рәсіміне қатысумен аяқталды.
Іс-шара барысында Түркияның TAV Airports Holding компаниясының бас директоры Серкан Каптан, холдингтің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Сани Шенер және Алматы халықаралық әуежайының президенті Ерсой Альп Ер Тунга Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық жоба туралы мәлімет берді.
Бұдан кейін Президент әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысын бастауға рұқсат берді.
Мемлекет басшысы Алматы әуежайы еліміз үшін маңызды стратегиялық нысан және Қазақстанның әуе қақпасы екенін атап өтті.
— Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есеге артады деген сөз. Жаңа терминал ең озық технологиямен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Ең бастысы барлық жұмысты уақытында аяқтау қажет, – деді Президент.
Құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлемі 200 миллион доллардан асады. Жаңа терминал тек халықаралық бағыттағы рейстерге, ал қазіргісі ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Құрылыс 2024 жылы жазда аяқталады деп жоспарланған.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары