23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕнді арендаға алынған самокатпен жаяу жүргіншілер жолында, саябақтарда және бұқаралық іс-шаралар өтетін қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады. Қала аумағында жылдамдық режимі сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Сондай-ақ оларды тек 16-ға толған тұлғалар ғана жалға ала алады.
Қазір Алматыда 4 компания 15 мың самокатты жалға беріп отыр. Кейінгі кезде самокат мінгендердің қатысуымен жол-көлік апаты жиіледі.
Оны компания өзі қадағалайды. Програмное обеспечение программысанда оның барлығы жазылады. Айыппұл, ол туралы қазір әңгіме жоқ. Стандарт енгізілгені жақында ғана болды ғой. Енді правилаларға енгізілсе сол кезде МВД арқылы білетін боламыз - дейді қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Мырзағұлов.
Ал меморандумның мақсаты - қауіпсіздікті арттыру. Егер қолданушылар ережені бұзып, рұқсат етілмеген орындарда жүретін болса, оған компания жауап береді. Бірақ бұл меморандумның жеке тұлғаларға қатысы жоқ.
Бұл меморандум біздің кәсіпке айтарлықтай әсер етпейді деп ойлаймын. Табысымыз азая қоймас. Біз үшін самокат қолданушылардың қауіпсіздігі маңызды. Әлемнің 46 елінде жұмыс тәжірибеміз бар. Барлығында қала әкімдігімен бірігіп осындай келісім жасауға тырасамыз - дейді компания директоры Станислав Молчанов.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады