29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары"Алматы су" МКК апаттық жағдайдағы бригадасы Бостандық ауданындағы магистралдық құбырдың жарылуына байланысты суық судан ажыратылған бірқатар ғимаратқа шұғыл түрде су берілуін қамтамасыз ету үшін қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz.
– Әуезов және Тимирязев көшелерінің қиылысынан өтетін учаскелердің бірінде сағат 18:30-да штаттан тыс жағдай орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқыс жағдайға өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап пайдаланылып келе жатқан диаметрі 500 мм құбырдың әбден тозуы себеп. Әуезов-Тимирязев-Ғабдуллин көшелерінің контурында түн ортасына қарай су беріліп қалады деп күтіледі, – деді "Алматы су" МКК баспасөз қызметі
Жергілікті тұрғындарды уақытша ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су таситын көліктер жұмыс істеді.
Апатты жағдайдың салдарын жою жұмыстарының процесі кәсіпорын мен қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшылығы бақылауына алынды.
– Тұрғындардан еріксіз орын алған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек