23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда 2024-2025 жылғы жылыту маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды. Қала әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымының нәтижесі мен келесі маусымға дайындықты талқылау үшін кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, 10 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды. Алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары мен мәдениет нысандары, кейінірек тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерде жылыту өшіріледі.
Жылыту маусымы ақаусыз өтті, 404 білім беру мекемесі мен 128 медициналық мекеме қамтылды. Биыл 39 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған, бұл олардың тозуын 56,1%-дан 54,9%-ға дейін төмендетуге көмектеседі,-делінген мәліметте.
Айта кетейік, былтыр қалада 20 км жылу желісі жаңартылып, 85 қазандық жөнделді. Бұл жылу жүйесінің тиімділігін айтарлықтай арттырған және жылыту маусымын апаттық жағдайсыз аяқтауға мүмкіндік берген.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады