Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚазақстанның барлық өңірінен жиналған жас вокалистер мен музыканттар бірнеше аптадан бері қарқынды дайындық үстінде. Олар шығармашылық тапсырмаларды орындап, тәлімгерлермен жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жоба қатысушылары Алматы қаласындағы шығармашылық лагерьде тұрады. Сол жерде олар күн сайын таңғы жаттығуларға, жеке вокал сабақтарына, топтық дайындықтарға, шеберлік сағаттарына қатысып, режиссер, педагогтармен кездесу өткізеді.
Тәлімгерлер қатысушыларға тек білгенін бөлісіп қана қоймай, олардың өз күшіне сеніп, шабыттануына да бар күшін салып жатыр. Жас әншілер нағыз кәсіби шеберлікті шыңдайтын мектептен өтуде. Олар камера алдында өнер көрсетіп, көрермен алдына шығуды, сахналық образ қалыптастырып, ән арқылы сезімін жеткізуді үйренуде, - делінген мәліметте.
«Жұлдызды жол 2025» тележобасының премьерасы 2025 жылдың күзінде «Евразия» телеарнасынан көрсетіледі. Көрермен жас өнерпаздардың алғашқы дайындықтарынан бастап, эфирге дейінгі шығармашылық жолына куә болады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды