Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБелгілі болғандай, зардап шегушінің жасы небәрі 15 жаста. Қыз Алматының Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жатқызылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көлік қаққан жасөспірім асфальтқа басымен соғылып, көптеген жарақат алған.
Оқи отырыңыз:
Клиникалық-зертханалық зерттеулер және мамандардың консультациялары жүргізілді. Жасөспірімге мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің көгеруі, сол жақта парието-оксипитальды аймақтың тері астындағы гематомасы, оң жақта тізе буынының, сол жақта шынтақ буынының, оң жақта қолдың, оң жақта жамбастың жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылды, - делінген басқарма хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыдағы Солтүстік айналма жолында жол апаты болды: белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан қызды жүк көлігі қағып кетті.
Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек