22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматыда тағы бір пәтер жалдау алаяғы қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бостандық аудандық полиция басқармасына жоқ пәтерлерді жалға беру арқылы алданған азаматтардан бес шағым келіп түсті.
Күдікті танымал сайтта нарық бағасынан төмен баға көрсетілген жалған жарнамалар орналастырған. Осы арқылы пәтерлерді жылдам алғысы келген азаматтар күмәнданбай, толық алдын ала төлем жасаған. Ақшаны алғаннан кейін жалған риэлтор байланысын үзіп, ізін суытып отырған. 26 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің Жетісу облысынан келгені анықталды, – деп мәлімдеді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Қазіргі уақытта тергеу мүддесіне орай, ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жарияланбайды. Айта кетейік, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі, 1-тармағы және ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сәйкес, кез келген азаматтың кінәсіздігі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақталады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев