Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда Абай даңғылының бір бөлігінде бір түнге көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
11 шілде күнгі сағат 23:00-ден бастап 12 шілде күні сағат 08:00-ге дейін Абай даңғылы бойымен батыс бағытта, Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Шығыс бағыттағы қозғалыста өзгеріс жоқ.
Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында 1988 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр желісін жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ. «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады