Алматыда жолаушылар автобусы тас қоршауға соғылды

16 Шілде, 11:06 736

Алматыда автобустың қатысуымен тағы бір жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық көлік тас қоршауға барып соғылған.

Алдын ала болжам бойынша, апат Әшімов пен Шаляпин көшелерінің маңында болған, зардап шеккендер бар.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Естеріңізде болса, маусым айының соңында Алматыдағы MEGA Park маңында автобус дүкенге соқтығысты. Салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 22 адам зардап шекті. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Almaty News (@almatynews_kaz)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: