Алматыда жоғалған оқушы табылды

6 Желтоқсан 2022, 20:14 1178

Ең бастысы - балада бәрі жақсы

Еріктілердің көмегінің арқасында бүгін таңертең жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы - балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде, Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді", - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы, Жанна Шонжанова.

Бұған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы мектепке кеткен 9 жастағы Айша Тимур табылмай жатқандығы туралы жазған болатынбыз.

EL.KZ
Бөлісу: