22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2026 жылы сәуір-мамыр айларында Алматыда ЛДПР негізін қалаушы Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Саранск және Алматы қалаларында саясаткердің туғанына 80 жыл толуына орай ескерткіш орнату жоспарланған.
Баспада бар құжатқа сәйкес, Владимир Жириновскийге арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, сәуір-мамыр айларында ескерткіштердің салтанатты ашылуы өтеді, – делінген хабарламада.
Алматы қаласының әкімдігі ескерткіш орнату ұсынысы түспегенін мәлімдеді.
Алматы қаласының мәдениет басқармасына В.Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ,- деді Алматы қаласының әкімдігі
Айта кетейік, Жириновский 2022 жылы 6 сәуірде 75 жасында өмірден өткен. Ресейде оған арнап салтанатты рәсімдер өткізіліп, саясаткердің қызметіне байланысты кинофильмдер көрсетілген.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 6 қарашасында Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылы Жириновскийдің 80 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев