23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматыдағы Абай алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше дрондар шоуы өтеді. Іс-шара барысында аспанда 500-ден астам дрон қатысатын жарық шоу ұсынылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі көрсетілім барысында соғыс жылдарында Қазақстанның хас батырлары — Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлы бейнесі жарық анимация арқылы жанатынын атап өтті. Олардың ерлігін сипаттайтын көріністер символикалық түрде бейнеленеді.
Көрермендерге арналған арнайы алаңдар Абай алаңында, «Қазақстан» қонақ үйінің жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында (Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейін) дайындалады.
Іс-шараға байланысты 18:00-ден 21:30-ға дейін Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейінгі аралығы мен Достық көшесінің Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады. Қала тұрғындарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады