23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді8 мамыр күні Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды экологиялық акция өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, сағат 9:00–де қаланың барлық ауданында жұмыстар басталады. Атап айтқанда:
Әуезов ауданы — 1-ш/а., Алтынсарин даңғылы (Жұбанов көшесінен Ұлықбек даңғылына дейін);
Алатау ауданы — Бағаналы Орда көшесіндегі сквер;
Алмалы ауданы — Амангелді көшесі (Төле би көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін);
Бостандық ауданы — «Жас Қанат» сквері;
Жетісу ауданы — Ратушный саябағы;
Медеу ауданы — 28 гвардияшы саябағы;
Наурызбай ауданы — «Ақжар» сквері;
Түрксіб ауданы — Набережная көшесі, 123-үй.
Әр орында концерттер, шеберлік дәрістері, интерактивтер және әскери әндер сынды мерекелік іс-шаралар өтеді.
Әкімдік қажетті құрал-жабдықтар мен отырғызылатын материалдармен қамтамасыз етеді. Барлық қатысушыға арнайы бас киім, футболка және «Жеңіс» естелік лентасы таратылады.
«Байқоңыр» метро бекетінен сенбілік өтетін орындарға автобус қатынайды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады