Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ведомство мәліметінше, оңтүстік астананың жеке үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Тінту барысында 7 келі «мефедрон» психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар тәркіленді.
Табылған есірткінің құны «қара» нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін «варщиктер» деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.
Сот санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады