Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда жазғы уақытша үй-жайдың ауласындағы монша өртенді, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 22 наурыз күні кешкі сағат 20:29 минутта Алатау ауданы “Шапағат” шағын ауданында жеке үйдің жанғаны туралы хабарлама алғанын мәлімдеді.
Шақырту келіп түскен соң ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамның 41 адамы және техниканың 11 бірлігі бірден оқиға орнына жіберілген.
Өрт сөндіру бригадасы аталған мекенжайға 6 минутта келді. Барлау барысында жазғы және уақытша салынған үй-жәйлары мен моншаның өртенгенін анықтады. Сондай-ақ, қызыл жалын небәрі үш метр қашықтықта орналасқан көрші тұрғын үйге қауіп төндірді, - деп жазылған департамент таратқан хабарламада.
Шұғыл қабылданған шаралар нәтижесінде тілсіз жаудың айналаға таралуына тосқауыл қойылды. Айта кететін жайт, өрттен зардап шеккен тұрғындар тіркелген жоқ.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек