13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2025 жылғы 2 маусым күні Алматы қаласындағы Шапағат ықшам ауданында жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарылыс сәті көше бойындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан 1980 жылы салынған жеке тұрғын үйдің құрылымдары опырылып түскен.
Оқи отырыңыз:
Алдын ала болжам бойынша, жарылыс газ-ауа қоспасының тұтануынан болған. Үй өртенбеген.
Сағат 13:55-те Алатау ауданы, Шапағат ықшамауданы, Биянху көшесіндегі үйдің қирандыларын бөлшектеу кезінде 1949 жылы туған азамат К.-нің денесі табылды, – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Қазір оқиға орнында жедел штаб құрылып, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары, ТЖД, кинологтар, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағы, 109 Қалалық құтқару қызметі, Қауіпсіздік медицина орталығы мен басқа да қала қызметтері жұмылдырылған.
Жарылыстың нақты себебі мен мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды