Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлатаудың бөктерінде соққан екпінді жел мен ылғалды қар салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бостандық, Әуезов, Наурызбай және Алмалы аудандарының бір бөлігінде жарық сөніп қалған. Осы іске жауапты «Алатау Жарық Компаниясы» келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.
Барлық күш-жігеріміз электр энергиясын мүмкіндігінше тез қалпына келтіруге бағытталған. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жарық кезең-кезеңімен беріледі, - деді компания басшысы.
Қалпына келтіру жұмыстарына бірнеше бригада мен арнайы техника жұмылдырылып, қазір кей аудандарда жарық қайта қосылды.
Айта кетейік, ертең де Алматының таулы аймақтары мен кейбір аудандарында қар жауады деп күтілуде.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек