12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматы қаласында жасырын есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, ұсталғандар Алғабас ықшамауданында жеке үйді жалға алып, оны синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған.
Тінту барысында аса ірі мөлшердегі 5 келіден астам а-PVP есірткі заты тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында қылмыстық схеманың басқа да қатысушылары анықталып, ұсталды. Олар есірткі дайындаушылар, интернет-ресурс курьері және есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің иесі, яғни ұйымдастырушы. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер