28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматыда дәріхана қоршауының темір істігі баланың тамағына кіріп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 1 тамызда болған. 9 жастағы бала велосипедпен кетіп бара жатып, үшкір темірден жасалған шарбаққа құлап, денесінің бірнеше жерінен темір кіріп кеткен. Жедел жәрдем баланы дереу Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізген.
Балаға аралас жарақат деген диагноз қойылды. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, трахея мен ауыз қуысының зақымдалуы мен мойын жарақатын алған. Төменгі жақтың артқы кортикальды пластинкасының оң жақ бұрыш аймағы сынған. Баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат - металл қоршау бөлігі шығып тұрды, – дейді дерігерлер.
Дәрігерлер баланың денесінен найзаның ұшы сияқты металды алып тастау үшін 1,5 сағат ота жасаған.
Қазір баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде қарқынды терапиядан өтіп жатыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?