2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАлматы тұрғынынан психотроптық зат салынған 20 бума тәркіленді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді.
Күдіктіні полиция қызметкерлері Алматы қаласы Медеу ауданының жеке секторында ұстады.
« Бұл – 19 жастағы К. есімді азамат. Тергеу-жедел тобы жеке тінту кезінде шалбарының қалтасынан ашық-жасыл түсті 20 орам тапты. Заттай айғақтар сараптамаға жіберілді», - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Күдіктінің айтуынша, ол аз уақыттан бері есірткі қоюшы ретінде жұмыс істейді. Тапсырысты және қойып кететін орындардың мекенжайын интернет қосымшасы арқылы алады, ал, «атқарған жұмысы» үшін ақшалай сыйақыны криптовалютамен алып отырған.
«Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен тіркелді»,- дейді Ерлан Әлмағамбетов.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс