Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс26-30 мамыр аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрлік жұмыстардың көрмесі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен филармонияның 90 жылдық мерейтойына орай жас суретшілердің өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеге Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжі және О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледждерінің студенттері қатысты. Олар ғасырға жуық тарихы бар филармония ғимаратының іші мен сыртқы көрінісін өзіндік көзқараспен бейнеледі. Жас суретшілердің салған туындылары филармония фойесіне қойылды, - делінген министрлік мәліметінде.
«Филармония жас суретшілер көзімен» жобасы – мәдениет пен өнер саласындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың және жас дарындарды қолдаудың айқын көрінісі. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында қара шаңырақта әлі де игі бастамалар жалғасын табады.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды