Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда жас келіншек үш баласының көзінше пәтерінде асылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Мамыр» шағынауданында өзіне қол жұмсаған әйел туралы қоғам белсендісі Жібек Әменова әлеуметтік желіде хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Жазба авторының айтуынша, бұл жағдай жан-жақты тергелуі тиіс, өйткені жас әйелдің шарасыздықтан балаларын тастап, өмірін үзуіне қандай да бір себеп болуы керек.
Көршілері марқұмның бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізген.
«Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Алматы полициясы бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек