Алматыда жанып жатқан үйден 57 жастағы ер адам құтқарылды

6 Наурыз, 22:43 700

Алматыда 57 жастағы ер адам жанып жатқан үй ішінде қалып қойған. Тұрғынға құтқарушылар дер кезінде көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 6 наурыз сағат 18.58-де Медеу ауданының "Восточки" ауданындағы жеке тұрғын үйде болған. Өрт көрші тұрған 2 қабатты үйдің шатырына дейін жеткен. Алдын ала бойынша қызыл жалын алаңы 250 шаршы метрді аумақты құраған.

Өрт сағат 19.18-де оқшауланып, сағат 20.02-де сөндірілді. Оны сөндіруге Алматы қалалық ТЖД 20 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды.   

Төтеншеліктердің мәліметінше, барлау және сөндіру барысында 1967 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдемге тапсырылды. Қабылданған жедел шаралар нәтижесінде көрші үйге өрттің таралуына жол берілмеді.

Өрттің себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: