Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда мегаполистің агломерациямен көліктік байланысын арттыру аясында қалалық мобилділік басқармасы 25 желтоқсаннан бастап тағы 2 қала маңындағы қоғамдық көлік бағытын іске қосады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үлкен сыйымдылығы бар автобустар Алматыдан облыстың Қарасай және Талғар аудандарына жіберіледі.
Мәселен, №256 маршрут "Мәдениет және демалыс саябағы - Ақтас кенті" қатынасымен және №249 маршрут "Төле би/Ясауи" автостанциясы" - Шамалған кенті" қатынасымен "FOTON" маркалы сыйымдылығы жоғары автобустармен қызмет көрсетілетін болады. Тасымалдаушы "ECOBUS SERVICE" ЖШС, жоспарлы шығу-жылжымалы құрамның 7 бірлігі.
Жол жүру құны қалалық маршруттардағыдай - 120 теңге. Барлық автобустар Onay электронды билет жүйесімен жабдықталған.
Айта кету керек, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне сәйкес бұл маршруттар тасымалдаушыларға қызмет көрсету конкурстары өткізілгенге дейін берілген және тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Қорытындысы бойынша қозғалыс сызбаларына жолаушылар ағыны мен халықтың қажеттілігін ескере отырып өзгерістер енгізілетін болады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек