23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Белгілі болғандай, фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланған. Яғни, сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарды. Елестетіп көріңізші, егер әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер, бұл жағдайда полиция көлігі, қолдан жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Оның авторларына заң аясында шара қолданылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Сонымен қатар, ПД-да осыған ұқсас деректерге жол берілмейтінін ескертіп, әрбір мұндай эпизодқа түбегейлі құқықтық баға берілетініне уәде берді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік