6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы полициясы зейнеткерге интернет-алаяқтардан ұрланған қаражатын қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматылық зейнеткер интернет-алаяқтардың құрбанына айналғанымен, тәртіп сақшыларының жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде оның жоғалтқан қаражаты қайтарылды. Бұл туралы қала тұрғыны Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығына жолдаған алғыс хатында жазған. Зейнеткердің айтуынша, өзін "Қазпошта" қызметкері ретінде таныстырған белгісіз біреулер оны алдап, SMS-кодын қолға түсіріп, атына несие рәсімдеген. Оқиғаның мән-жайын түсінгеннен кейін ол бірден Әуезов аудандық полиция басқармасына жүгінген.
Аға тергеуші Мұқан Қонысбаевтың сауатты нұсқаулығы мен әріптестерінің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында істің оң шешілуіне қол жеткізілді. Алаяқтардың бірі ұсталып, келтірілген материалдық шығын толық өтелді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі