Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыАлматыда заңсыз жұмыс істеген өзбекстандық 15 азамат анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтарды полиция қызметкерлері 2-8 қазан аралығында өткізіліп жатқан “Нелегал” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу. Іс-шара аясында қаланың Наурызбай ауданында ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 15 азаматы ұсталды. Олар құрылыс және жол жұмыстарына заңсыз тартылған. Тексеру кезінде шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ полиция мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматшасын ұстағаны туралы хабарлады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 392-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергеліп жатыр.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды