Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматыда қаласында заңсыз сауда нысандарын сүру жұмыстары жалғасып жатыр. Қалада бүгінгі таңда 500-ден астам заңсыз дүңгіргек пен ойын-сауық аппараты алынып тасталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл көшелерді таза, кең әрі жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы етеді. Атап айтар болсақ, шаһарда 290 дүңгіршек пен 222 ойын-сауық аппараты алынды.
Мен екі рет e-Otinish арқылы билікке хат жазып, тәртіп орнатуды сұрадым. Біздің үнімізге құлақ асқанына өте қуаныштымын. Жақында барлық төрт дүңгіршек алынып тасталды, аумақ тазартылды. Балалар алаңына кіреберіс ашылды. Енді көктемде гүлзарымыз қайтадан гүлдейді деп үміттенемін,-дейді қала тұрғыны Айгүл Күлжаханова.
Заңсыз сауда нысандарын сүру шаралары әлі де жалғасуда. Бұл жұмыстарды қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы көше саудасын жою жөніндегі жұмыс тобымен бірлесіп қолға алған.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?