23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда заңсыз салынған ғимарат сот шешімі бойынша бұзылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алып шаһардағы қала құрылысын бақылау басқармасы Бөгенбай батыр көшесі бойындағы төрт қабатты ғимараттың заңсыз салынғанын мәлімдеді.
Басқарманың талабына сәйкес, адамдар тұруға арналмаған үй-жайларға қатысты сот отырысы ұзақ уақытқа созылып, былтыр 17 қаңтарда Медеу аудандық соты өз бетінше салынған құрылысты бұзу туралы қаулы шығарған. Алайда кейін апелляциялық шағымдар Алматы қалалық сотында және ҚР Жоғарғы Сотында қаралып, шешім шықты.
2022 жылғы 30 қарашада Жоғарғы сот бірінші сатыдағы сот пен Алматы қалалық сотының қаулыларын өзгеріссіз қалдырған. Осыдан кейін кейін қаулы қаланың Әділет департаментінің өндірісіне түсіп, сот орындаушыларымен бірге ғимаратты бұзу жұмыстары басталып отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады