Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыдағы Қарасай батыр көшесі/Жұмалиев көшесі, 126/135 мекенжайында өз бетінше салынған қосымша нысан сот шешімі бойынша сүрілетін болды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Тұрғындардың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлғаның) рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан қосалқы және кіре беріс нысандарды салғаны анықталды.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл арқалады. Заңсыз тұрғызылған құрылыс мәжбүрлеп бұзу ұйғарымымен сүрілетін болды, - делінген мәліметте.
Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Сот шешімін орындау барысында нысанды меншік иесінің өзі бұзды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?