Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматыда сот шешімі бойынша екі тұрғын үй бұзылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл нысандар Нұр - Алатау шағын ауданы К. Тауасарлұлы көшесі, 71/21 мекенжайдағы бір учаскеде орналасқан 3 қабатты үйлер. Аталған жайт туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасына мәлімдеді.
Жоспардан тыс тексеру барысында рұқсат беру құжаттарының толық пакетінің жоқтығы анықталды, нәтижесінде меншік иелеріне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Көп ұзамай басқарма Бостандық аудандық сотына нысандарды бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылдың 29 қыркүйегінде сот екі үйді бұзу туралы шешім қабылдады. 2024 жылғы 31 қаңтарда Алматы сотының қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалды.Кейін сот шешімі әділет департаментіне келіп түсті, онда атқарушылық іс қозғалды. Бөлшектеуді меншік иелері сот орындаушыларының қатысуымен ерікті түрде бастайды, деп жазылған қала әкімдігі таратқа мәліметте.
Айта кетейік, Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 62 құрылыс нысаны, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?