13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада өз бетінше жүргізілген заңсыз құрылысқа қарсы күрес белсенді түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2022 жылдан бері 88 заңсыз нысан сүрілді. Оның 18-і биыл бұзылды. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, дәмханалар мен автожуу орындары бар. Атап айтқанда, ірі нысандар қатарында KHAN тұрғын үй кешені, «Мечта» таунхаусы және Достық даңғылындағы 7 қабатты ғимарат бар.
Таулы аймаққа ерекше мән беріліп отыр. Мұнда сейсмикалық қауіп-қатерге байланысты қауіпсіздік мәселесі аса маңызды. 38 нысан бойынша сот шешімі шығарылған, оның 12-сі толық немесе жартылай бұзылды.
Айта кетерлігі, нысан сот шешімі негізінде және сот орындаушыларының қатысуымен ғана сүріледі. Бұл барлық рәсімнің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
Бақылаудың күшейтілуі қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен Алматының тұрақты дамуы үшін қажет. Бұл мәселені жүйелі түрде және заң аясында шешу керек, — дейді урбанист Гүлмира Байғабылова.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды