6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда "Самғау" шағынауданындағы 2000 шаршы метрден астам аумақтағы заңсыз қоймалар сүріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы «Рифтам» ЖШС-іне жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, 2174 шаршы метр қойма алаңдарының рұқсат құжаттары жоқ екенін анықтаған соң сүруге шешім шығарылған.
Сот сүру туралы талапты қанағаттандырған, мұнан соң Алматы қалалық соты бұл шешімді күшінде қалдырған. Қазір сүру жұмыстары сот орындаушыларының бақылауымен жүргізілуде.
Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен өткен жылдан бері «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендерін қосқанда 48 заңсыз нысан сүрілген болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі