Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер
Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктер елден шығарылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының көші-қон қызметі арнайы жергілікті іс-шара аясында Өзбекстан Республикасының 18 азаматын және Тәжікстанның 2 азаматын отанына қайтарғанын хабарлады.
– Бұл шетелдіктер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы сотының қаулысымен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тасымалдау Өзбекстан шекарасына дейін арнайы автобуспен жүзеге асырылды. Шетелдік азаматтар шекара қызметіне тапсырылды. Жалпы, іс-шараның 4 күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 820 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 385-і шетелдік, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
ПД бөлімшесінің мәліметі бойынша, «Нелегал» ЖАІ-ның 4 күнінің ішінде елден 38 шетелдік шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің ҚР болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 413 қабылдаушы тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 22 жұмыс берушіге айыппұл салынды.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі