2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАлматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Саин көшесі ішінара жабылады, - деп хабарлайды EL.KZ Алматы Қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.
Жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алуды сұрады.Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13 қыркүйек сағат 21:00 мен 14 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Абай даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі. Сонымен қатар, 13 қыркүйек сағат 21:00 мен 14 қыркүйек сағат 6:00 аралығында және 14 қыркүйек сағат 21:00 мен 15 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі. Ал 14 қыркүйек сағат 21:00 мен 15 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі, - делінген хабарламада.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс