Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр6 мамыр күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Вячеслав Люй-коның кескіндемесі мен графикасы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, экспозицияда суретшінің соңғы үш жылда салған сексеннен астам кескіндемелік және графикалық туындысы қойылған. Аталған көрме — уақыт тынысы, өмірдің мәңгілік сұрақтары мен мәдени дәстүрлердің ұлылығы тоғысқан өнер мен философияның үйлесімі.
Вячеслав Люй-ко — Қазақстандағы ең сұранысқа ие суретшілердің бірі. Ол қылқалам мен қарындашты бірдей шебер меңгерген, өзіндік қайталанбас әрі бірден танылатын стилімен ерекшеленеді. Суретшінің туындылары — классика мен заманауилықтың, мистикалық сарын мен философиялық тереңдіктің, ирония мен жұмбақтың, астарлы мағына мен ортағасырлық фарстың, бүгінгі күн мен өткен дәуір шежіресінің ерекше үйлесімі, - делінген мәліметте.
Бұл шығармалар тек сыртқы шындықты бейнелеумен шектелмей, көрерменді ішкі жан дүниесіне үңіліп, терең философиялық толғаныстарға жетелейді. Вячеслав Люй-коның өнері арқылы біз уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан адамзат баласының мәңгілік ізденістері мен рухани толғаныстарын танимыз. Оның туындылары өткен мен бүгінді, болмыс пен арманды байланыстыра отырып, тіршіліктің мәні мен адамгершілік құндылықтар жайлы терең ойларға жетелейді.
Суретшінің еңбектері Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде, ҚР Ұлттық музейінде, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Канада, Түркия және басқа да елдердің жеке коллекцияларында сақталған. Көрме 2025 жылғы 23 мамырға дейін жалғасады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова